2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 4,8%-ға төмендеді
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 4,8%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі статистика комитеті хабарлады.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 15%-ға төмендеді, өңдеу өнеркәсібінде – 11,8%-ға жоғарылады. Өндірілген өнімге баға 6,1%-ға төмендеді, өндірістік сипаттағы қызметтерге – 9,9%-ға жоғарылады.Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі пайызбен, өсуі+, төмендеуі-
Жыл басынан бергі кезеңде өндірушілер бағасы металл кендеріне - 20,3%, көмірге – 7,7%-ға жоғарылады, газ конденсатына - 33,4%, мұнайға – 17,5%, мазутқа - 11,7%, бензинге - 11,4%, сұйытылған пропан және бутанға – 8,1%, дизель отынына – 5,1%-ға төмендеді. Бағаның қорғасынға - 24,8%, қара металдар илегіне – 24,6%, ферроқорытпаларға – 23,1%, мысқа – 19,5%, алюминийге – 18,2%, мырышқа – 17,5%-ға жоғарылауы тіркелді. Өндірушілер бағасының қантқа - 26,9%, өсімдік майына - 21%, қарақұмық жармасына – 17,5%, шайға – 15,4%, бидай ұнына – 6,6%, нанға – 6,3%, күрішке - 5,6%, макарон өнімдеріне - 3,5%, маргаринге - 2%-ға жоғарылауы, олардың мал етіне – 4,7%-ға төмендеуі байқалды.
Фото:metalinfo.ru
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024