Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 100,4% құрды. Осылайша оның өсуі 0,4% болды, деп хабарлайды статистика комитеті.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді. Сонымен қатар, 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7024,7 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 3,7% артық. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 14634,5 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 1,6% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,2% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,6%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 8,9% төмендеді. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2748,7 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 4,4% артты. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,5%-ды құрды. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 512,1 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,5% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 254 млрд. жкм құрап, 1,8% артты. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,6%-ды құрды. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,3%-ды құрды. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 6369,6 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезеңіне 99,6%. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемі 16393 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 100%. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 296,6 млрд. теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 5,9 % өсті. 2015 жылғы қаңтар-қарашада сыртқы сауда айналымы 70615,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каңтар-қарашамен салыстырғанда 36,8% төмендеді, оның ішінде экспорт – 42758 млн. АҚШ долларын (42,4% аз), импорт – 27857,2 млн. АҚШ долларын құрады (25,7% аз). 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 360287 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,8% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 351229 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 221655-ті құрады, оның ішінде 212925 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем). Тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 113,6% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 10,9%, азық-түлік емес тауарларына – 22,6%, халыққа арналған ақылы қызметтерге – 8,1% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,8% төмендеді. Фото:dailynews.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024