2015 жылғы KAZ Minerals-тың өндірістік қызмет қорытындылары шыққаннан кейін компания акциялары қор нарығында қымбаттады. Бұл туралы LS жазды.
28 қаңтар күні KAZ Minerals компаниясының Қазақстандық қор биржасындағы акциялары бейсенбі күнгі саудада 11,2%-ға қымбаттап 556 теңгені құрады. Лондон қор биржасында (LSE) да компания белгіленімдері қымбаттады. Бағалы қағаздар құны 12,79%-ға артып, 107,50 британдық пенстен 121,50 британдық пенске дейін бағаланды (Астана уақыты бойынша 18.00-де).Бұдан бұрын, Kaz Minerals компаниясы құйма түрінде 34,6 мың уницияға алтын және түйіршік түріндегі 3,14 млн уницияға күміс өндіргенін хабарлаған еді. Катодты мыс өндірісінің көлемі 81,1 мың тоннаны құрады. Бұл 80-85 мың тонна көлеміндегі жылдық диапазонға сәйкес келеді. Концентраттағы мыстың өндірісі – 89,4 мың тонна. 2015 жылдың 12 айындағы катодты мыстың өндіріс көлеміне Ақтоғай кен орнында тотыққан кеннен өндірілген 0,4 мың тонна катодты мыс та кіреді.
Фото:ria.ru
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024