Астана. 31 мамыр. 7kun.kz - 2015 жылы Қазақстанда инспекциялық тексерулердің қорытындысына сәйкес 4 әуекомпанияның куәлігі кері қайтарылған, сондай-ақ 37 ұшақтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мәлімдеді.
«2015 жылы әуе компаниясының жұмысына инспекциялық тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктер мен сертификаттың сай келмеуіне байланысты, төрт әуе компаниясының куәлігін кері қайтардық. 37 ұшақтың ұшуына тыйым салынды. Сондай-ақ, әуе компанияларында 24 адамның жұмыс істеу куәлігі кері қайтарылды», - деп хабарлады Б.Сейдахметов азаматтық авиация мәселелері жөніндегі брифингте.
Комитет төрағасы түсіндіргендей, қазір ұшақтың ұшуына рұқсат беретін сертификат бір жылға беріледі. Ал, су жаңа ұшақ болса немесе ұшақ күрделі жөндеуден өткен болса, ұшуға рұқсат беру сертификаты бір жылды құрайды. Аэродромдар жағдайына қарай, 5 жылға дейін сертификатталады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024