Экономика
2015 жылы 75 мың қазақстандық турист Тайландқа бармақ
Тайландқа баратын қазақстандық туристер саны осы жылы 75 мыңға жетеді. Бұл болжамды ҚР-дағы Тайланд Корольдығының елшісі Чан Джуламон мәлімдеді.
«Өткен жылы Қазақстаннан барған туристер саны 70 мың адам болған. Осы жжылы, біздің ойымызша, саны артады. Шамамен, 75 мыңға жетуі мүмкін», — деді Ч. Джуламон қазақстан-тайланд бизнес-форумында.
Одан бөлек, елшінің айтуынша, Тайланд қазақстандық бизнеске жол ашуға даяр.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандықтар қай елге визамен бара алатындығы жөнінде
жазған болатынбыз.