Қазақстандағы жалақы 2015 жылы қысқартылмайды, бірақ өсуі де мүмкін емес. "Интерфак-Қазақстан" агенттігі сауалнама жүргізген сарапшылар осылай деп есептейді.
Forsage HR агенттігінің директоры Елена Грищуктың пікірінше, "компаниялар үнемдеп, жалақының өсуі мен персоналға бөлінген шығынды қысқартып жатыр". "Бірақ соңғы кезде жиі естіліп жүрген күйзеліс туралы айтудың орны жоқ тәрізді", -деп есептейді Елена Грищук. "Жұмыс берушілер қазір персоналға шығындарды үнемдеуге назар аударып жатыр, бірақ айтарлық қысқартулар жоқ", -деді ол қызметкерлер көлемін қысқартуға қатысты.
Antal Kazakhstan компаниясының директоры Анна Ковинскаяның атап өтуінше, мотивациялық жүйе немесе бонусты бөлім өзгертілуі мүмкін. "Бірақ жыл сайынғы қайта қараудан кейін жалақы мөлшерін көбейтуді күтпеген жөн. Кейбір компаниялар жаңа қызметкерлер іздеуді тоқтатып жатыр, бірақ бұл жаппай қысқарту да болады деген сөз емес", - деп түсіндірді ол. Оның сөзінше Ресей мен Украинадағы саяси және экономикалық жағдайларға байланысты халықаралық компаниялар Қазақстанға қызығушылық таныта бастады. Осыған байланысты еңбек нарығы дамып, бос орындар пайда болуы мүмкін.
АНКОР компаниясында жалақыны қысқарту өндіріс көлемін төмендеткен кезде бизнес үшін уақытша шешімнің бірі ретінде жалақыны қысқарту пайдаланылады. "Мұндай акциялармен қоса қызметкерлер жартылай жұмысқа өтеді. Мұның өзі персоналды қызметінен босату немесе қысқартуға альтернатива болып табылады", - деп түсіндірді АНКОР-да.
АНКОР компаниясы мамандарының пікірінше, бос орындар көлемінің қысқартылуы байқалып жатыр. Бұл жағдай, әсіресе, импортқа тәуелді өндіріс орындарына ауыр соғады.
"Қазіргі жағдайда жұмыс берушілердің ешқайсысы жалақы көлемі жөнінен бәсекелестікке дайын емес. Сондықтан сапалы персонал бойынша негізгі күрес HR-брендтер деңгейінде жүреді. Мұндай жағдайлар компания басшылығын брендті дамытып, нығайтуға стимул береді", -деп есептейді АНКОР-да.
Ал HeadHunter компаниясында келесі жылы Қазақстанда жұмыс істейтін кейбір компаниялардың бизнес-жобаларына өзгеріс енеді деп есетейді. HeadHunter-дың пікірінше, бірнеше лауазымдарды қатар меңгерген немесе бірегей саланың мамандары сұранысқа ие болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024