2015 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 1,5%-ды құрайды. Аталған көрсеткіш номиналды мағынада 41 триллион теңгеге тең. Бұл туралы Қаржы министрі Руслан Дәленов хабарлады.
"Әрине, қазір сыртқы факторларды болжам жасауда есепке алу қиынға соққандықтан, белгісіздік бар. Сондықтан түрлі халықаралық агенттіктер, рейтинг ұйымдары, халықаралық банктер түрлі пікір айтуда. Шындықты тек жыл соңында білеміз. Біздің үкіметтік болжамымыз бойынша, ЖІӨ 1,5 пайыз болады, бұл қанағаттанарлық деңгей", - деді министр.
Бұған дейін Азия даму банкі Қазақстанның 2015 жылғы ЖІӨ өсіміне қатысты болжамын 5,2%-дан 1,9%-ға дейін түсірген болатын.
"Мұнай бағасының түсуі, Реей Федерациясының экономикалық қиындықтары Орталық Азияның өсімін 2014 жылы 5,1%-дан 1,5%-ға дейін түсіруге себеп болған-ды. 2015 жылы Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстанда ЖІӨ өсімі баяулайды деген болжам бар, себебі мұнай экспортының төмендеуі ішкі шығындарды қысқартуға әкеледі. Қазақстанның ЖІӨ-і осы жылы 1,9%-ға дейін түсіп барып, 2016 жылы 3,8%-ға дейін қайта көтеріледі деп болжанып отыр", - деді Дәленов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024