Әлемдегі электронды құрылғылар тапсырысы 2015 жылы 2,8%-ға өседі деп хабарлайды Gartner зерттеу компаниясы.
Компания мамандарының есептеуінше, осы жылы дербес компьютерлер, планшеттер, ұялы телефондар және гибридті құрылғылардың сатылымы 2,5 млрд бірлікті құрайды. Осыған қарамастан компьютерлі құрылғылар сатылымының қаржылық көрсеткіші 7,2%-ға немесе 226 млрд долларға дейін төмендейді.
"ДК сатылымының төмендеуіне Еуропадағы және басқа аймақтардағы жеткізушілердің бағаны көтеріп жіберуі себеп. Оларды бұл әрекетке жергілікті валюталардың долларға қатысты бағамының әлсіздеуі мәжбүрлеп отыр", - деп мәлімдеді Gartner-дің зерттеу жөніндегі директоры Ранджит Атвал.
Ал ұялы телефондар нарығы 2015 жылы 3,5% немесе 1,9 млрд бірлікке дейін ұлғаяды. "Осы жылы тұтынушылар ДК мен планшеттерге қарағанда ұялы телефондарға басымдық береді. Дегенмен де планшеттер сатылымы 4,3% немесе 237 млн бірлікке дейін өседі", - дейді Gartner-дің зерттеу жөніндегі директоры Роберт Коцца.
Gartner сарапшыларының сөзінше, осы жылы көптеген тұтынушылар ОС Android базасынан iOS платформасына көшетін болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024