2015 жылы дүние жүзінде тазартылған мырыштың тұтынылуы өндірістен асып түседі, соның салдарынан шамамен 151 тонна тонна металл тапшылығы туындайды деп болжам жасады Қорғасын мен мырыш жөніндегі халықаралық зерттеу тобы (International Lead and Zinc Study Group, ILZSG).
Осы жылдың қорытындысы бойынша тазартылған мырыш өндірісі 5,2%-ға асып, 13,99 млн тоннаға жетеді.
Жалпы дүниежүзілік өсімнің негізгі бөлігі Қытайдағы өндірістің 8,9%-ға жоғарылауымен қамтамасыз етіледі. ҚХР-ды есептемегенде әлемдегі мырыш өндірісі 2,4%-ға артады делінген топтың пресс-релизінде.
Солтүстік Каролинада жаңа зауыттың ашылуына байланысты осы жылы АҚШ-та да өндіріс көлемі артады деп күтілуде. Сонымен қатар шығарылым Бразилияда, Үндістанда, Мексикада, Оңтүстік Корея мен Таиландта артады деп болжам жасалып отыр.
2015 жылы дүниежүзілік мырыш тұтынылуы 3,7%-ға, 14,14 млн тоннаға дейін артады деп хабарлайды топ сарапшылары.
Осы жылы Қытайда сұраныстың жоғарылау қарқыны 4,8%-ға баяулайды деп күтілуде, өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 8,7%-ды қамтыған еді.
ILZSG болжамына сүйенсек, 2015 жылы Еуропада мырыш тұтынылуы 2,4%-ға жоғарылайды, АҚШ-та - 6%-ға. Сонымен қатар, өсім Канадада, Үндістанда, Индонезияда, Мексика мен Түркияда болады деген болжам жасалды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024