Өндіріс көлемінің ұлғаюына "кәсіби, ғылыми және техникалық кәсіппен" айналысатын обьектілер үлес қосқан. Қонақүй,мейрамхана бизнесі 2,5 есе, қаржы қызметі 2,1 есе және "өзге де қызмет түрлері" 3,5 есе өскен.
Ал шағын бизнестің 4 секторы өндірісін минуспен аяқтады. Шағын бизнестегі сауда үлесі бір жыл ішінде 34,2 пайыздан 22 пайызға дейін төмендеді. Ауыл шаруашылығындағы (11,4 пайыз құлдырау), тұрғын үй секторындағы (6,6 пайыз құлдырау) және сумен қамтамасыз ету секторындағы (2,5 пайыз) шағын бизнес өкілдері теріс нәтиже көрсетті.
[caption id="" align="alignnone" width="442"] 2015 жылдан бері 100 адамға дейінгі қызметкері бар кәсіпорын шағын бизнес қатарына жатқызылады[/caption]
2015 жылдың басындағы күрт өсімнен кейін шағын бизнес көлемі де көбейе түсті. 2-4 тоқсан аралығындағы шағын бизнес субьектілерінің саны 2 мыңнан 146,8 мыңға дейін ұлғайған. Жаңа жұмыс орындарының көлемі сәуірден желтоқсан аралығында 43 мыңнан 966,4 мыңға дейін артты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024