2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Болашақ" халықаралық стипендиясына жаңа ережелер енгізіледі. Бұл туралы Білім және Ғылым министрлігі "Халықаралық бағдарламалар орталығының" президенті Ғани Нығметов мәлімдеді деп хабарлайды Today.kz.
"Басты өзгеріс"Болашақ" бағдарламасының сапасында болады. Біз осыған байланысты екі жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Степендиат атанудың талаптары күшейтіледі. Ағылшын тілін білу IELTS 5.0 деңгейінде болады. Мұның квоталық категорияларға қатысы бар. Дипломның ортақ балы бірыңғай талаптармен қойылады. Яғни GPA 3.0-ден жоғары болады", - деді Ғ. Нығыметов.
Сондай-ақ, жұмыс өтіліне байланысты талаптар күшейтіледі. Категориясына қатысты бәрінің жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмау керек. Бұдан бөлек, Астанадағы жаңа қаржы орталығына арналған жас қаржыгерлер мен заңгерлер және "Ұлттық чемпиондар" жобасы аясында инженер-технолог мамандар дайындалады.
Ғ. Нығметовтың мәлімдеуінше, келесі жылдан бастап МВА бағдарламасы жүзеге асырылып, 2017 жылы Executive education бағдарламасы қолға алынады. Бағдарлама бойынша талапкерлер әлемнің ең басты 10 бизнес мектебіне қысқа мерзімді оқуға шақырылады.
2016 жылы мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму жоспарын жүзеге асыру үшін таңдалып алынған 10 ЖОО-на Split-PHD бағдарламасы енгізіледі.