Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеріледі. Бұл туралы Ақордадағы отырыс кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Мемлекет басшысы жәрдемақы мен шәкіртақының да жоғарылайтындығын атап өтті. "Бұған дейін әкімшілік қызметкерлері жалақысының, жәрдемақы мен шәкіртақының көтерілуін бір жүйеге салатын жаңа үлгінің енгізілу жоспарланған. Қаржы жетіспегендіктен, үкімет мұны 2017 жылға қалдырды. Енді бір жылға артқа шегеріп, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлей бастауы қажет", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыдан бөлек 2018 жылға дейін штатты кеңейтуге мораторий салатындығы да хабарланды. "Кез-келген жаңа ұсыныстарға, кеңейтулерге, шенеуніктер штатына 2016, 2017, 2018 жылдарға мораторий жариялаймын. Егер жағдай уақытынан бұрын жақсарса, қайта қарастырамыз", - деп атап өтті Президент. Оның сөзінше, республикалық бюджеттің тапшылығын 2018 жылы 1 пайызға дейін төмендету қажет. "Тапшылықты қаржыландыру тек ішкі ресурстар есебінен ғана жүргізіледі. Жапонияның ЖІӨ-де 200 пайыз қарызы бар, себебі барлық тапшылық сыртқы қарыздар емес ішкі ресурстар арқылы қаржыландырылады. Қаржы жүйесі дамуы қажет. Біздегі қорлардың көлемін көбейтіп, өз халқымызға қарыз болайық. Уақыты келгенде қайтарамыз", - деді Мемлекет басшысы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024