Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жер шарындағы халық саны 7,3 миллиард адамды құрайды

Жер шарындағы халық саны 7,3 миллиард адамды құрайды

2016 жылдың 1 қаңтарында жер шары халқының саны 7,3 миллиард адамды құрады, деп хабарлады АҚШ-тың санақ бюросы. Бұл туралы РИА Новости жазды. 

1 қаңтарда Жер шары халқының саны 7 миллиард 295 миллион 889 мың 256 адамды құраған. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 78 миллионға (1,8%-ға) ұлғайған. АҚШ-тың жыл басындағы халық саны 322 миллион 762 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 2,47 миллионға (0,77%-ға) артқан. 2010 жылғы соңғы халық санағынан кейін АҚШ тұрғындарының саны шамамен 14 миллионға көбейді. Әлемдегі ең халқы көп ел – Қытай (1,367 миллиард адам),Үндістан (1, 252 миллиард адам) және АҚШ, Индонезия, Бразилия, Пәкістан, Нигерия, Бангладеш мемлекеттері. Ресей 142,423 миллион адаммен 9-орында, ал Жапония 10-орында тұр. Фото: bit.ua

Похожие материалы