2016 жылдың наурызында тұрғын үй нарығындағы баға біраз төмендеді
07 сәуір, 2016
2016 жылдың наурызында тұрғын үй нарығындағы баға біраз төмендеді. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлайды.
2016 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 2,5%, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату – 0,6%, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді – 0,1%-ға төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,3%-ға төмен болды.