2016 жылдан бастап "Ашық үкімет" порталы іске қосылады. Онда статистикалық көрсеткіштерден бастап, республикалық бюджеттің орындалуына дейінгі мемлекеттік органдарда бар құпия емес ақпарат жарияланады, деп хабрлайды kazakh-tv.kz.
Портал арқылы еліміздің әр азаматы мемлекеттік маңызы бар бағдарламалар мен заң жобаларын талқылап, ұсыныс-тілектерін білдіруге мүмкіндік алады.
Ал азаматтар мен заңды тұлғалардың сауалдарына жалған ақпарат берген немесе мүлдем жауап қайтармаған мемлекеттік қызметкерге 30-дан 100 айлық есептік көрсеткішге дейін айыппұл салынады және қаражатты мемлекеттік мекеме емес, қызметкердің өзі төлеуге міндеттеледі.
Фото: kazradio.kaztrk.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024