Биыл әлемдегі билік өзгеріссіз қалған жоқ. Алпауыт АҚШ өзінің 45 Президентін сайлады. Ұлыбритания Еуропалық одақтан шығу туралы шешім қабылдады. Халықаралық журналистік тергеу консорциуымы офшорлы аймақта ақшасы бар саятсаткерлердің атын атады. Осындай себептерге байланысты біраз танымал саясаткерлер әлемдік аренадан кетті. Ал олар кімдер? 7kun.kz шолып шықты.
Барак Обама
[caption id="attachment_58590" align="alignnone" width="1000"] Фото: Woman.ua[/caption]Екі рет Америка Президенті болған Барак Обама 2017 жылдың қаңтарында Дональд Трампқа билікті толық өткізеді. Ол әзірге АҚШ-тың ресми Президенті. Дегенмен Президент сайлауы 2016 жылдың 8 қарашасында өткендіктен Обаманы осы жылы биліктен кеткен саясаткерлер қатарына жатқызуға болады.
Дэвид Кэмерон
[caption id="attachment_58589" align="alignnone" width="1000"] Фото: kavkazplus.com[/caption]Ұлыбританияың бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмерон елдің Еуроодақ мүшелігінен шығуы туралы (2016 жыл, 23 маусым) референдумның қорытындысы кезінде өзінің отставкаға кететіндігін мәлімдеді. Кэмеронның түсіндіруінше, ол мұндай шешімді мемлекеттің Еуроодақ құрамында қалуын қолдағаны үшін қабылдаған. Осылайша Дэвид Кэмерон 14 шілдеде отставкаға кетіп орнына Тереза Мэй келді.
Пан Ги Мун
[caption id="attachment_58593" align="alignnone" width="720"] vesti.ru[/caption]2016 жылдың 14 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының хатшысы Пан ГИ Мунның қызметі португалдық Антониу Гутерришқа өтті. Ол 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметіне кіріседі. Дегенмен Пан Ги Мун да 2016 жылы қызметтен кеткен саясаткерлер қатарында.
Сигмюндюр Давид Гюннлёйгссон
[caption id="attachment_58595" align="alignnone" width="704"] fdlx.com[/caption]Ал сәуір айында Исландия премьер-министрі Сигмюндюр Давид Гюннлёйгссон отставкаға кетті. Бұған себеп - Халықаралық журналист-зерттеушілер консорциумының офшорлық компаниялар туралы жарияланымы. Өйткені журналистер жариялаған құжатта бұрынғы премьер-министр мен әйеліне Панамадағы офшорлармен байланысы бар компания тиесілі деп жазылған. Сол компания көмегі арқылы үлкен сомадағы қаражат салықтан жалтарып отырған.
Офшорлар туралы жанжалдан кейін Гюннлейгссон парламентті таратуға тырысқан, бірақ президент рұқсат бермегеннен кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдаған.
Маттео Ренци
[caption id="attachment_58600" align="alignnone" width="1280"] Фото: day.Az[/caption]Италияның Премьер-Министрі Маттео Ренци конституциялық референдумның нәтижесі бойынша отставкаға кететіні туралы мәлімдеді. Себебі референдум кезінде оның ұсынған реформалары халық тарапынан қолдау таппаған. Осылайша ол 7 желтоқсан күні ресми түрде қызметінен кетті.
Ахмет Давудоглу
[caption id="attachment_58608" align="alignnone" width="900"] 1NEWS.az[/caption]Мамыр айында Түркияның бұрынғы премьер-министрі Ахмет Давудоглу отставкаға кету туралы өтініш береді. Осыдан соңТүркия Президенті Режеп Тайып Эрдоған Ахмет Давутоглудың отставкасын қабылдап, оның орнына Бинали Йылдырым келді. Президент оған үкіметті жасақтауды тапсырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024