2016 жылы түлектерге арналған білім гранттарының саны 31 мың 700-ді құрайды. Бұл туралы ҚР БҒМ ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры Серік Өмірбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді.
«Биыл еш өзгеріс жоқ, мемлекеттік тапсырыс саны былтырғы деңгеймен бірдей, яғни жалпы гранттардың саны 31 мың 700. Қазіргі уақытта мамандықтар бойынша гранттар үлестірілген жоқ. Себебі ол Үкімет Қаулысымен бекітіледі. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс көлеміне қатысты Қаулы жобасы қарауда жатыр. Гранттарды мамандықтарға үлестіру жағы белгілі болғанда, бірден жариялайтын боламыз», - деді С.Өмірбаев.
Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу екі бөлікке бөлінеді: орта білімді аяқтау бойынша емтихан және ЖОО түсер алдындағы тестілеу.
«Біз мемлекеттік бағдарламаға сәйкес келесі жылдан бастап тестілеуді 2 бөлікке бөлеміз: біріншісі - дәстүрлі түрде мектептер барлық пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар қабылдайды. Орта мектепті бітіретін оқушы өз аттестатын алады», - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024