Соңғы бірнеше жылда ЕҚДБ Қазақстанға бағытталатын инвестиция көлемін арттырды. 2016 жылы ел экономикасына 700 млн еуро салынады деп жоспарлануда. Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) 25 жылдығына арналған БАҚ өкілдерімен кездесуінде банктің Қазақстандағы директоры Джанет Хэкман мәлімдеді.
"Банк жеке сектордағы компаниялармен серіктесіп, олардың тиімділігін арттыру үшін қолдау көрсетуге тырысады. Экономиканың түрлі секторы мен Қазақстанның өңірлеріндегі әртараптандыру процесі де біз үшін өте маңызды. 2001 жылдан бері біз шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен көңіл бөлдік. Бұл бағыттағы біздің басты донорымыз - Қазақстан үкіметі", - дейді ЕҚДБ басшысы. Банктың ШОБ-ты дамыту және қаржыландыру бойынша аймақтық бағдарлама басшысы Хольгер Вифельдің сөзінше, шағын және орта бизнеске консалтинг ұсыну бойынша жалпы құны 30,5 млн еуро болатын 1800 жоба іске асырылған. Жобалардың басым бөлігі аймақтарда өтті. Ал банк құрылғалы бері екінші деңгейлі банктерге кәсіпкерлерді несиелендіру бағдарламасы үшін 550 млн еуро бөлінді. "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы ЕҚДБ-ның өткен жылдағы ең ауқымды жобаларының бірі. Шара 2015 жылдың қыркүйегінде басталған. Хольгер Вифельдің сөзінше, осы жылы "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы үшін 25 млн еуро бөлінеді, оның 60%-дан астамы аймақтарға кетуі қажет. Осы уақытқа дейін банк елдің түрлі экономикалық секторына 6,5 млрд еуродан астам инвестиция салды. Қаржы институты климат өзгеруі, энерготиімділік, ауыл және қала инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, инвестициялық климат, шағын және орта бизнес бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жалғастырмақ. ЕҚДБ-ның Алматы, Астанадан бөлек Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Ақтөбе қалаларында кеңселері бар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024