«Қара алтын» құны бір жылдан кейін бұрынғы көрсеткіштерге қайта келуі ықтимал. Бұл туралы Америкалық Fortune басылымы өз болжамын жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.
Fortune редакциясының деректеріне сәйкес, 2015 жылғы қарашаның ортасымен салыстырғанда, мұнайдың бағасы барреліне шамамен 20 пайызға өседі. «Америкалық тұтынушылардың жоғары сұранысы баяулағанмен, Қытайда қалай болғанда да сұраныстың артып келе жатқанына қарағанда, мұнай бағасы 2016 жылдың аяғына қарай барреліне 55 долларға көтерілуі мүмкін», - дейді басылым.
Дегенмен басылымның айтуынша, энергетикалық секторда көптеген компаниялар үшін бұл жеткіліксіз. Мұнай өндірушілердің толыққанды жұмыс істеуі үшін оңтайлы баға барреліне 60 доллардан басталуы керек.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024