Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылы Үкімет мемлекеттік мүлікті сату бойынша түсім деңгейін 2015 жылғы көрсеткішпен теңестіре (16%-ға төмен) алған жоқ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жекешелендіруден мемлекеттік бюджетке 37 млрд теңге түсті. Бұл туралы ranking.kz сараптама агенттігі хабарлады.
2014 жылы жекешелендірудің екінші толқыны басталған уақытта сатудан түскен кіріс 47%-ға немесе 44 млрд теңгеге дейін өскен. Ал 2015 жылы кіріс 44,3 млрд теңгені құрады.
Айта кетейік, ҚР Президенті 31 қаңтардағы жолдауында "мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-на дейін төмендету экономикалық өсімге тың серпін беруге тиіс" деген болатын.
Жолдауда айтылғандай, бұдан бұрын 2020 жылға дейін жекешелендірілетін 800-ге жуық кәсіпорынды қамтитын тізбе жасалған болатын. Алайда Президент үкіметке сол тізбедегі кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.
2016 жылы жекешелендіруден түскен бюджеттегі кіріс 30,7 млрд теңгені құрады. 2015 жылы бұл сома 39 млрд теңгені құраған.
Айта кетейік, 2014 жылы жекешелендірудің екінші толқынында 106,7 млрд теңгеге 407 нысан сатылған. Жекешешелендіруден болған кірістің 69%-ы ұлттық холдингтер активтерін сатудан, 17%-ы коммуналдық жеке меншіктерді, 6%-ы ұлттық компаниялар активтерін сатудан түскен. Алайда тек 105 компания ғана 100% иелікке берілген.
Енді мемлекет экономикаға араласуын үлесін азайту мақсатында 2016-2020 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» АҚ және «ҚазАгро» АҚ сынды квазимемлекттік секторлар мен қоса 782 нысанды сату жоспарланған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024