2016 жылы мемлекеттік органдар бизнесті тексеру кезінде 2 мыңға жуық заң бұзушылыққа жол берген
Астана. 24 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі өткен жылы мемлекеттік қолдау бағдарламаларының операторлары мен меморгандардың тарапынан көптеген заң бұзушылықтар анықталған еді, деп хабарлады ведомство басшысы Тимур Сүлейменов.
Министр жұма күнгі парламент тыңдалымында "Бақылау барысында мемлекеттік органдар мерзімінен тыс тексеру жайлы актіні көрсетпейді, тексеруді уақытылы жүзеге асырмайды және бизнесмендерді тексеру келе жатқаны және әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы хабардар ету тәртібін бұзады", - деп айтты.
Оның келтірген мәліметтерінде тек 4 меморганның өзі тексеру барысында 2231 құқық бұзушылыққа жол берген. Оның 49%-ында актілерде тексеріс талаптары нақты көрсетілмеген, 35%-ы тексерудің нәтижелері туралы дұрыс құрылмаған актілер, 7%-ы тексеру болатыны туралы актіні мүлдем бермей немесе уақытылы бермей тескеріс жүргізуге қатысты.
Бұдан бөлек министрдің айтуынша, меморгандар кәсіпкерлерден заңда көрсетілмеген құжаттарды талап етіп, мемлекеттік қызмет регламентіне сілтеп, өтініштің қаралу уақытын заңсыз созып, негізсіз рұқсаттама бермей қойған."Осылайша, 10 реттеуші мемлекеттік орган арқылы кәсіпкерлерге рұқсат беру барысында олардың құқықтарын таптаған 1500 жағдай тіркелді. Оның 48%-ында екі күндік мерзімді бұзған және құжаттар тізімінің дұрыс еместігін сылтауратып өтініштерді кері қайтарған, 14% - рұқсаттама қағаздарын беру немесе кері қайтару мерзімдерін сақтамауға байланысты, ал 10% рұқсаттама беру тәртібін бұзған жайттар", - деп мысал келтірді Т.Сүлейменов.
Нәтижесінде құқық бұзушылыққа жол берген мемлекеттік органдардың жетекшілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 46 хаттама толтырылып, 41 лауазым иесі дисциплинарлық жауапкершілікке тартылды.