Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz — 2016 жылы қайта өңдеу өнеркәсіп орындарының бағалары 19,6%-ға, тау-кен өнеркәсібінде – 14,1%-ға өсті деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігі.
Өнеркәсіптік қызметтер 3,6%-ға, өндіріс 16,8%-ға қымбаттаған.
Ведомствоның хабарлауынша, өткен жылғы бағаның өсуі мазутқа 36,6%, дизель отынына 35,3%, сұйытылған пропан мен бутанға 29%, табиғи газға 27%, бензинге 13,7%, көмірге 1,4% деп бекітілген.
Сонымен қатар, ферроқортпа (54,4%), қорғасын (51,9%), қара металл (39,8%), асыл металдар (30.1%), мыс (24.3%), алюминий (19.6%) өндірісінде баға жоғарылаған.
Азық-түлік өнімдеріне жататын тауарлар да қымбаттаған. Мысалы, жарнаның бағасы – 37,6%, құс еті – 24,9%, қарабидай ұны – 20%, бидай ұны – 9,4%, қант – 19.1%, шай – 15.3%, өсімдік майы -15,2%, сүт өнімдері – 12,8%, мал еті – 10,8%, нан – 10,4%, балық -7,2%, макарон өнімдері – 4,9%.
7күн 2016 жылғы инфляцияның 8,5% болғанын хабарлаған еді. Азық-түлік тауарлары өткен жылы 9,7%-ға, өзге тауарлар 9,5% өскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024