Қазақстанда 2016 жылы құс етінің өндірісі 196 мың тоннаға өседі. Бұл туралы Қазақстан құс өсірушілері одағының президенті Руслан Шәріпов одақтың алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан - 2050 сайты.
Оның айтуынша, 2016 жылғы болжам бойынша еліміздегі құстың саны 36 млн-ды құрамақ. Құс етінің сойылған күйіндегі салмағы бойынша жалпы өндіріс 196,0 мың тоннаға жетсе, жұмыртқа өндірісі шамамен 5 млрд дананы құрайды. Оның ішінде құс фабрикаларында 182 мың тонна ет және 3,6 млрд дана жұмыртқа шығарылады.
“Жыл санап құс шаруашылығына қарастырылған мемлекеттік қолдаудың деңгейі артуда. Субсидиялау бағдарламасы қолға алынғаннан бері оның көлемі 18 есе көбейтілді. Егер 2014 жылы жұмыртқа өндірісіне 6,7 млрд теңге бөлінсе, 2015 жылы 9,7 млрд теңге болды. Етті құс шаруашылығына 2014 жылы 7,1 млрд теңге, 2015 жылы– 8,4 млрд теңге бағытталды”, - деді ол.
2015 жылы құс фабрикаларының жем-азыққа арналған астықты сатып алуы Ұлттық қордың қаржысынан субсидияланды. Бұл бағытта сатып алытаныт жем-азық астығының тоннасына 7,5 мың теңге көлемінде субсиядың нормативті бекітілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024