2016 жылы Ресей мен Еуразия аймағында Nestle өнімдерінің сатылымы 12% азайған
Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – 2016 жылы швейцариялық Nestle өнімдерін шығарушы компания Еуразия мен Ресейге көрсететін қаржылай көмекті 12 пайызға (114,4 млрд рубль) арттырды. Бұл туралы компанияның аймақтық бөлімшесінің басшысы Марсиаль Роллан мәлімдеді.
Марсиаль Ролланның айтуынша, Ресей мен Еуразия аймағы Nestle үшін маңызды нарық болып саналады. Сондықтан компанияның 2016 жылы Ресей нарығына салған инвестициясы 4,1 млрд рубльді құрады.
Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша, Nestle-нің Ресейдегі кофе (65,8%), дайын таңғы ас (45,5%), балалар тағамы (34,2%), кондитерлік өнімдері (13,4%) сияқты тауарларының үлесі көбейген. Алайда бұған қарамастан Ресей мен Еуразия аймағында жалпы Nestle өнімдерінің сатылымы 12% азайған.
Айта кетейік, Nestle компаниясына 85 елдегі 436 фабрика тиесілі. Компания портфелінде Nestle, Nescafe, KitKat, Gerber, Maggi сынды екі мыңға жуық танымал бренд бар.
Ал Ресейде Самарада кондитер фабрикасы, Вологде қаласында балалар ботқасын шығаратын, ал Владимировск облысында аспаздық өнімдер дайындайтын фабрикас тиеселі.
2016 жылдың қорытындысы бойынша швейцария компаниясының еншілес ұйымдарына қаржылай көмегі 3,2 пайызға артты.