Алматы. 9 желтоқсан. 7kun.kz - Әуе көлігі халықаралық қауымдастығы (IATA) 2017 жыл әлемдік әуе тасымал компаниялары үшін қиын жыл болуы мүмкін деген болжам жасады. Атап айтқанда келер жылы әуе компаниялары $29,8 млрд таза табыс табуы мүмкін. Бұл биылғы жылдан айтарлықтай аз. Бұған басты себеп әлемдік ІЖӨ-нің азайып, әуе компанияларының шығыны артуымен және мұнай бағасының өсуімен түсіндіреді.
2016 жылды әуе компаниялары $35,6 таза пайдамен жабуы мүмкін. 2017 жылы әлемдік әуе компаниялары шамамен 4 млрд жолаушы, 55,7 млн тонна жүк тасымалдайды. Әрбір сатылған билеттен түсетін табыс - $7,5 көлемінде болады. 2017 жылы табыстың қомақты бөлігі Солтүстік Американың әуе компанияларына тиеселі болады. Олар $18,1 млрд (Биылғы $20,3 млрд )табыс табуы мүмкін. Еуропалық компаниялар $5,6 млрд (Биыл $7,5 млрд), Азиялық-Тынық мұхит аймағы елдерінің әуе компанияларының табысы биылғы $7,3 млрд доллардан $6,3 млрд долларға дейін азаяды. Еске салайық, IATA әлемдегі рейстердің 80% жүзеге асыратын 265 әуе компаниясын біріктіріп отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024