2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банктің ішкі құжат айналымы, 1 наурыздан жалпы іс жүргізу толықтай қазақша болады. Бұл туралы бүгін Almaty Management University-де өткен «Қазақстанның банк жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі» тақыбырындағы дөңгелек үстел барысында Ұлттық банктің ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті директорының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы айтты.
Іс жүргізу толықтай мемлекеттік тілге көшуіне байланысты Ұлттық банк қызметкерлері де қазақ тілі оқи бастаған. «Орталық аппарат қызметкерлерінің 40,40 % еркін сөйлейді, 64,60 % түсінеді, 5% мүлдем түсінбейді екен. Бұлардың 11,30 % қарапайым, 48% орта, 40,50% жоғары деңгейде білім алуды жөн көрді», -дейді Ш.Құрманбайұлы. Ұлттық банк қызметкерлернің мемлекеттік тілді меңгеруі үшін «Қазтест» негізінде оқыту бағдарламасы жасалыпты. Бұдан бөлек 12 тілдегі салалық тілдескіш, банк терминдерінің орысша-ағылшынша-қазақша сөздігі, қаржы саласы қызметкерлеріне қазақ тілін үйрететін оқулықтар дайындалған. Соңғысына арнайы дәптер, аудиодисктер де қоса ұсынылған. «Қазіргі кезде Ұлттық банкте мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу, қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқыту, құжаттардың мемлекеттік тілдегі үлгі нысандарын әзірлеу, мемлекеттік тілдегі салалық терминдерді жетілдіру және біріздендіру жұмыстары жүргізілуде»,-деді Ш.Құрманбайұлы. Айта кетейік, 12 тілдегі салалық тілдескіш, банк терминдерінің орысша-ағылшынша-қазақша сөздігі, қаржы саласы қызметкерлеріне қазақ тілін үйрететін оқулықтар елімізде тұңғыш рет жарыққа шықпақ. Танымал ғалымдар мен мамандардың қатысуымен жарық көрген кітаптар жақын уақытта жұртшылыққа ұсынылады. Фото:nur.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024