2016 жылы Ұлттық қор 3 млрд долларға қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Fitch Ratings-тің Қазақстан бойынша жыл сайынғы конференциясында хабарланды.
"Біздің болжамымызша, мұнай бағасы көтеріліп, Ұлттық қор табысы қалыпты деңгейде болуы мүмкін. Егер мұнай бағасы келесі 5 жылда 30-35 долларда қалатын болса, үкімет өзінің бағдарламаларын тиімді түрде іске асыра алмай қалып, мұнай қоры жылдам таусылады. Жоғары инфляция мен бюджет тапшылығымен қоса да бұл құбылыс Қазақстан рейтингіне де әсер етеді. Республика рейтингі инвестициялық деңгейден де төмен түсер еді. Алдағы 1-2 жылда мұнай бағасы барреліне 40-45 долларға дейін жоғарып, сауатты саясат жүргізілсе ғана Қазақстанның инвестициялық рейтингі аздап жоғарылады", -деп атап өтті Fitch Ratings-тің экономикасы дамушы еуропалық елдердің рейтингі бойынша сараптама тобының директоры Кармен Алтенкирх. Ол, сондай-ақ, бүгінле Ұлттық қор активінің және шетелдік валютадағы резерв көлемінің жоғары екендігін де атап өтті. Еске салайық, Fitch Ratings Қазақстанның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақмерзімді рейтингісін "ВВВ+", тұрақты деген деңгейде нақтылады. Бір жыл ішінде Ұлттық қор активі 7,7%-ға азайды. Егер 2015 жылдың наурызының соңында мемлекеттік қор активтері 69,7 млрд долларды құраса, 2016 жылы осы мерзімде 64,4 млрд доллардан асқан жоқ. Әзірге реттеуіш Ұлттық қордың 2015 жылдағы табысы туралы мәліметті жариялаған жоқ, дегенмен 2014 жылдың мемлекеттік қор үшін сәтсіз болғандығы белгілі. 2 жыл бұрын Ұлттық қор долларлық есеппен (-1,19%) шығынға ұшырады. Қор құрылған уақыттан бастап 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта Ұлттық қордың табысы 70,81%-ды құрады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024