Тараз. 28 ақпан. 7kun.kz - Жамбыл облысында 2016 жылы 22 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы мәлімдеді.
«2015 жылдың қорытындысы бойынша екі қолға бір күрек іздеген 26256 адам жұмыспен қамтылған. Оның 17 642 адам тұрақты жұмысқа орналасса, мерзімдік жұмыс орындарына 1146, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 3574, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1096, жастар практикасына - 1394 адам жіберілген, кәсіптік оқытуға 702 адам жолданса, 402 адам микрокредит алды.»,- деді Жорабек Нұрмергенұлы.
Ал 2016 жылы 22 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, бұл мақсатқа 11,7 млрд теңге қарастырылған. Жалпы қаржының ішінде 4,0 млрд теңге Жұмыспен қамту 2020 жол картасын қайта өзектендіру бойынша бөлінеді деп жоспарлануда. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша 129 жобаны жүзеге асыруға 6,1 млрд теңге қаралып, 2112 адам жұмысқа орналасады деп жоспарлануда. Мұның ішінде 40 жобаға 2,0 млрд.теңге 707 жұмыс орнымен Жұмыспен қамту 2020 жол картасын қайта өзектендіру бойынша бөлінеді деп жоспарлануда. Бағдарламаның 2-ші бағытына 1108 адамға 4,0 млрд теңгенің шағын несиесі беріледі деп жоспарлануда. Соның ішінде 430 адамға 2,0 млрд теңге Бағдарламаны өзектендіру бойынша бөлінеді деп жоспарлануда, оның ішінде 254 адамға 1,5 млрд.теңгенің несиесі жаңа жоба бойынша 6,0 млн теңгеге дейін беріледі. Сондай-ақ, 13,4 млн теңгеге 372 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтеді, оның ішінде 2,4 млн теңгеге 121 адам Бағдарламаны өзектендіру бойынша қаралады.
"Барлығы 682 адамды кәсіптік оқытуға 66,1 млн теңге қаралды. Ақылы қоғамдық жұмыстармен 3542 адамды қамтуға 915,5 млн теңге көзделген. Сондай-ақ, 183,4 млн.теңгеге 1034 әлеуметтік жұмыс орындарын құру, 372,8 млн теңгеге жастар практикасына 1643 түлекті жолдау жоспарланып отыр.Бұлардан бөлек 13 мың адам ваканттық (бос) жұмыс орындарына орналасатын болады",- деп қорытындылады Ж.Баубеков.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024