Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы жемқорлық туралы хабарлағандарға 27 млн теңге төленген

2016 жылы жемқорлық туралы хабарлағандарға 27 млн теңге төленген

Астана. 8 ақпан. 7kun.kz - Қазақстанда «Есіктен есікке» жемқорлыққа қарсы бағдарламасы жүзеге асырылады. 2016 жылы жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген қазақстандықтарға ынталандыру мақсатында 27 млн теңге төленген. Бұл туралы ҚР мемлекеттік және жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді.

«Бағдарлама аясында 2016 жылы жемқорлыққа қарсы фактілерді хабарлаған 185 азаматқа 27 млн теңге көлемінде сыйақы берілді. Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігі де толығымен қамтамасыз етіледі. Одан бөлек, жақын арада «Есіктен есікке» бағдарламасының аясында коммуналды қызметтер туралы квитанцияда жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы ескертпелер жарнамаланады»-деп атап өтті Алик Шпекбаев.

«Квитанцияларға буклеттер жасау туралы "Астана-ЕРЦ" компаниясымен келісімге келдік. Осылайша 250 жуық пәтерлерді хабарландыруға болады, ал алғашқы тоқсанның соңына дейін біз барлық облыстарды қамтимыз. Сонымен қатар, «Үкімет халық үшін» мемлекеттік корпорациясы және әлеуметтік желілер арқылы осыған ұқсас шаралар жүргізіледі»-деп атап өтті ол.

Еске салсақ, өткен жылы осы бағдарлама аясында мемлекеттік қызметтен кеткендердің тең жартысы жемқорлық құқық бұзушылықтарға барғандығы анықталды. Мұндай қылмыстық әрекеттердің көп бөлігі Алматы, Шығыс-Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарында тіркелген.

Похожие материалы