Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz - 2017 жыл органдар өсіру үшін адам жасушаларының регенерациясынан (қайта жандандырудан) бастап 51 кубитті квантты компьютерді құрастыруға дейін ғылыми-фантастикалық келешекке бір табан жақындатты. Futurism өткен жылдың алғашқы 8 айындағы ең маңызды 10 жаңалығын паш етті.
1. Адам эмбрионы «өңделді»
[caption id="attachment_81744" align="aligncenter" width="1210"] Фото: hightech.fm[/caption]27 шілдеде Орегон штатындағы Портлендте ғалымдар генді өңдеу технологиясы бойынша айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. CRISPR-ді қолдана отырып, олар адам эмбрионынан жүрек ауруларына байланысты генді табысты түрде алып тастады.
2. Метал сутегі өндірілді
[caption id="attachment_81745" align="aligncenter" width="1010"] Фото: hightech.fm[/caption]27 қаңтарда ғалымдар сұйық сутегіге бес миллионға жуық атмосфера қысым қолдана отырып, ғылымда тұңғыш рет метал сутек өндіріп шықты. Метал күйінде сутегі керемет өткізгіш қызметін атқара алады, ал бұл технология энергия сақтаудан бастап ракета жасауға дейінгі көптеген салада төңкеріс жасайтын сияқты.
3. Өмір сүруге болатын ғаламшар табылды
[caption id="attachment_81746" align="aligncenter" width="1210"] Фото: hightech.fm[/caption]NASA Ames/JPL-Caltech/T. Pyle
19 сәуірде Еуропа астрономиялық зерттеулер ұйымының ғалымдары жерден тыс өмір үшін ең қолайлы ғаламшарды байқады. LHS 1140b Жерден 40 жарық жылы қашықтықтағы көмескі тартқан жұлдыздың мекендеу аймағында табылды.
4. CRISPR адам денесінің ішіндегі генді өңдеді
[caption id="attachment_81747" align="aligncenter" width="1012"] Фото: hightech.fm[/caption]National Institute of Allergy and Infectious Diseases, National Institutes of Health
1 маусымда ғалымдар алғаш рет адам денесіне CRISPR ген өңдеу технологиясын (ген өңдеудің ең қолжетімді техникасы) қолданды. Жаңа зерттеу 60 әйелден адам папилломасы вирусын (АПВ) алып тастауға бағытталған болатын. Ол ісіктің өсу механизмін жою үшін әйелдің жатыр мойыншығына қажетті ДНҚ коды бар гельді қолдану арқылы жасалды.
5. Жаңа технологиялар органдар өсіруге мүмкіндік береді
[caption id="attachment_81748" align="aligncenter" width="1012"] Фото: hightech.fm[/caption]Wake Forest Baptist Medical Center
1 мамырда оқымыстылар регенеративті медицина саласында жетістікке жетті. Wake Forest регенеративті медицина институты қазіргі уақытта адам органдары мен тінін (ұлпаларын) өсіру бойынша жобаларды басқарады. Оны зерттеушілердің жаңалықтары зақымданған жүйкені қалпына келтіруге көмегін тигізіп, тіпті тұтас аяқ-қол және ішкі мүшелерді өсіріп шығаруы мүмкін.
6. Google жасанды интеллекті күрделі ортаға бейімделуге үйретті
[caption id="attachment_81749" align="aligncenter" width="1012"] Фото: hightech.fm[/caption]DeepMind/YouTube
11 шілдеде DeepMind атты жасанды интеллект бойынша Google-дің бөлімшесі өз мамандарының ЖИ-алгоритмдерін күрделі және ауыспалы орталарға бейімделуге үйретіп жатқанын сипаттайтын мақала жариялады.
7. SpaceX «өңделген» ракетаны қайта ұшырды
[caption id="attachment_81750" align="aligncenter" width="1210"] Фото: hightech.fm[/caption]30 наурызда SpaceX бұған дейін қолданылған Falcon 9 зымырантасығышын табысты түрде орбитаға шығарып, қондырды. Бұл серпіліс ғарышқа ұшырудың қолжетімділігін одан сайын ұлғайтты — әр ұшқан сайын $18 млн-нан астам үнемделеді.
8. Жасанды жатыр жасалды
[caption id="attachment_81751" align="aligncenter" width="1012"] Фото: hightech.fm[/caption]Children’s Hospital of Philadelphia
26 сәуірде Филадельфия балалар ауруханасының дәрігерлері 37 аптадан ерте туған балалардың шетінеуі мен ауыруының алдын алу үшін синтетикалық құрылғыны қолдана отырып, әйел жатырының имитациясын жасап шықты. Тәжірибе жаңа туған қошақанға жасалды.
9. Кванттық есептеулер жаңа серпін алды
[caption id="attachment_81752" align="aligncenter" width="1210"] Фото: hightech.fm[/caption]EAST NEWS
28 шілдеде Мәскеудегі кванттық технологиялар бойынша халықаралық конференцияда технологияның жаңа қолданыстарына жол ашатын рекордты 51 кубитті квантты компьютер таныстырылды.
10. AlphaGo ЖИ үстел ойындарында үстемдігін көрсетті
[caption id="attachment_81753" align="aligncenter" width="1210"] Фото: hightech.fm[/caption]29 мамырда DeepMind компаниясының (Google-ға тиесілі) жасанды интеллекті го ойыны бойынша әлемнің бес үздік ойыншысын жеңді. Алғаш рет ол адамды алдыңғы жылы ұтқан болатын. Жыл соңына жуық технология шахматтан ең мықты бағдарламалардан да басым түсті. Жасушалы «жастық эликсирін» жасауда да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Генетиктер бір-бірінен тәуелсіз екі жаңалық ашты: бірінші жағдайда Баффало университеті зерттеген Nanog гені қартаюды баяулатуға мүмкіндік береді, ал екінші жағдайда бразилиялық ғылыми зерттеулер қоры ғалымдарының назарына теломераза ферменті ілікті.
Дереккөз: hightech.fm
Айдана
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024