Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылдың 7 таңғажайып технологиясы

2017 жылдың 7 таңғажайып технологиясы

2017 жыл бізді жоғары технологиялы болашаққа бір қадам жақындатады. Шындыққа жанаспайтындай көрінген технологиялар, көп кешікпей күнделікті өмірімізге кіруі тиіс. Сіздерге осы жылы жарыққа шығатын футуристік құрылғылармен қысқаша таныстырсақ дейміз.

Samsung-тің бүктемелі смартфоны

[caption id="attachment_60623" align="alignnone" width="620"] Фото: samsung-galaxy-s7.ru[/caption]

Жақында басылымдарда алғашқы бүктемелі Samsung смартфонының  жарыққа шығатындығы туралы хабарлар пайда болды.  ET News ақпаратына сүйенсек, бәрі күтіп отырған Galaxy S8 және S8 edge сматфондарынан бөлек, Samsung компаниясы 2017 жылы бүктелмелі экраны бар жаңа смартфонды таныстырмақ. Бұл смарфонның басты артықшылығы – жәй ғана әмиан ретінде бүктеп, қалтағы салып жүруге ыңғайлы.

Селфи арқылы төлем жасау

[caption id="attachment_60624" align="alignnone" width="620"] Фото:masiev.com[/caption]

Әлемдегі ең ірі ғаламтор-сауда алаңы Alibaba 2017 жылы селфи арқылы төлем жасау технологиясын енгізуді уәде еткен. Компанияның негізін қалаушы Джек Ма 2015 жылдың наурыз айында CeBit конференциясында селфи арқылы төлем жасау жүйесін көрсетті. Тіпті, сол арқылы төлем жасады. Аталмыш технология интернеттен сауда жасауды жеңілдетеді. Күрделі құпия сөз енгізу немесе ұзақ тексеру процесі қажет болмайды.

Бәріне қолжетімді реактивті сөмке

[caption id="attachment_60625" align="alignnone" width="620"] Фото: day-by-day.info[/caption]

Жаңа Зеландиялық Martin Aircraft 2016 жылы Personal Jetpack атты реактивті сөмкелерді құрастыратындығын хабарлаған. Ал 2017 жылы бұл тауар түрлері нарыққа шығады. Сөмкенің құны – 150 мың доллар. Аталмыш технология иесі бұл сөмкені қолдану арқылы өзі де ұшады немесе қандай да бір тауарды өз бетінше ұшырып жібере алады. Өндірушілердің сөзіне сенсек, аталған реактивті сөмке жылдамдықты сағатына 74 шақырымға дейін алады.

Алғашқы робот-полицейі

[caption id="attachment_60626" align="alignnone" width="600"] Фото: televid.by[/caption]

2017 жылы Біріккен Араб Әмірлігінің тәртіп сақшылар департаменті әлемдегі алғашқы робот-полицейдің жұмысын бастайды. Робот сенсорлы экраны арқылы  адамның түрін сканерлейді және  даусын ажыратады. Түрлі сауалдарға жауап беру қызметіне ие. Қолдан жасалған тәртіп сақшылары алдымен Дубайдағы Бурдж-Халифа ғимараты мен туристік орындарда пайдаланылады. Әрине, бұл роботтар қылмыскерлердің соңына түсіп, оларды қолға түсіруге толық дайын емес. Дегенмен, адасқан туристерге жол сілтеуге, құқықбұзушылықты видеоға түсіруге немесе тәртіп сақшыларын жылдам шақыру жұмысына өте ыңғайлы.

Алғашқы рет айға жеке ұшу мүмкіндігі

[caption id="attachment_60627" align="alignnone" width="549"] Фото: hi-news.ru[/caption]

Американдық жеке Moon Express компаниясы 2017 жылы өз модулін айға ұшыруға рұқсат алды. Осыған дейін мұндай қадамға тек мемлекеттік корпорациялар ғана баратын еді. Ұлыбританиялық «Гардиан» басылымының мәліметінше, маңызды жобаны бастау жаз уақытына жоспарланған. Егер сапар сәтті өтсе, Moon Express Google-дан 20 млн доллар көлемінде сыйақы алады.

Жасанды жүрек

[caption id="attachment_60628" align="alignnone" width="549"] Фото: VistaNews.ru[/caption]

2017 жылы Ресей соғатын жасанды жүректі таныстырады. Соның көмегімен донорлық жүректі күтетін емделушінің өмірін 3-5 жылға созуға болады. ТАСС дерегіне сүйенсек, жасанды жүректі пластиктан, титаннан және тот баспайтын болаттан жасайды. Массасы адам салмағына байланысты 300-650 граммды құрайды. Сыртқы қозғалмалы аккумулятор энергияның көзі болады. Аккумулятор адам беліне ілінеді. Бұл механизм әлемдік ғылымға жаңалық емес, алғашқы рет осындай аппарат өткен ғасырдың аяғында қолданылған. Дегенмен, Ресей шетелдік технологияны отандыққа алмастыру жұмысын жүргізбек.

Қалталы жан-жақты компьютерлік құрылғы

[caption id="attachment_60629" align="alignnone" width="517"] Фото: OSzone.net[/caption]

Ockel Computers компаниясы 2017 жылы  көктемде қалталы жан-жақты компьютерді қолданысқа енгізетіндігін мәлімдеді. Sirius A қалталы жан-жақты компьютері смартфонның да барлық қызметін иемденген. Мысалы, 6-дюймдік сенсорлық экран, 64 Гб-дық жад, камера, диктофон және т.б. Тағы бір артықшылығы, компьютер сынды барлық кабельдері құрылғыларды және USB жалғауға мүмкіндік беретін арнайы порттары бар. Ал Wi-fi-мен ғаламторға қосылуға болады. Сұр, күміс және алтын түстес нұсқалармен шығады. Бағасы – 699 доллар.

Нұрила ӘБДІМАНАП "7"

Похожие материалы