Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстанда инфляция 3,8 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабалады.
2017 жылдың басынан (2017ж. шілде 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 47,4%, қой етіне – 11,5%, сиір етіне – 10%, жаңадан жиналған көкөністерге – 9,1%, жаңадан жиналған жемістерге, консервіленген сүтке – 7%-дан, жылқы етіне – 6,2%, сары майға – 5,8%, мәйекті ірімшікке – 5,3%, кондитерлік өнімдерге – 4,9% болып белгіленді. Ал бағаның төмендеуі қиярға 69,3%, қызанаққа – 45%, жұмыртқаға – 29,2%, қарақұмық жармасына – 16,4%, күнбағыс майына – 9,7%, тәтті бұрышқа 6,3% болып тіркелді.
Баға өсімі байқалған тауарлар: автомобильдер, шыны және қыштан жасалған өнімдер - 5,3%, тоқыма бұйымдары – 3,8%, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарлары – 3,6%, тұрмыстық аспаптар – 3,2%, жеке қолданатын тауарлар – 3,1%, фармацевтикалық өнімдер, құрылыс материалдарына – 3%. Сонымен қатар, баллондағы сұйытылған газ (7,7%), дизель отыны (7,4%) және бензин (5,1%) қымбаттады.
Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне 9,4%, құқық қызметтеріне – 7%, жеке көлiк құралдарын сақтандыруға – 6,8%-ға, денсаулық сақтау қызметтеріне, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға – 4,9%-дан, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 2,8%, қоғамдық тамақтандыру – 2,6%-ға өсті. Ал Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 4,2%, қалааралық автобуспен – 4,4%, жолаушылардың әуе көлігімен – 16,9%-ға қымбаттады, темір жол көлігінің құны болса 0,3 пайызға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 9,6%, орталықтан жылытуға – 7,3%, суық суға – 5,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,8%-ға, ыстық суға, электр энергиясына – 3,8%-дан, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 3,5%-ға жоғарылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024