Экономика
Выбор редактора
2017 жылы адамзатқа қандай қауіп төніп тұр?
Жыл сайын Bloomberg әлемге қауіп төндіруі мүмкін деген оқиғалардың тізімін құрастырады. Агенттіктің болжамдары жиі шындыққа айналып жататыны да бар. Мысалы, 2015 жылдың аяғында Bloomberg сауалнама жүргізген сарапшылар 2016 жылы Дональд Трамптың АҚШ-тың президенті болуынан және Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуынан қауіптенуінен қажет деген еді. Назарларыңызға агенттіктің 2017 жылы қауіптену керек деген оқиғалар тізімін ұсынамыз.
Еуропадағы сайлау. "Брекситтен" кейін популистердің Германия, Польша және Франция тәрізді елдердегі сайлауда жеңіп шығуына мүмкіндіктері жиілей түседі. Келесі жылы Парижге ультраоңшылдардың лидері Марин Ле Пен келуі мүмкін деген болжам бар. Ұлыбританияда да мерзімінен сайлау өтуі мүмкін. Еуропадағы саяси өзгерістердің болуын Bloomberg 2017 жылдағы әлемдік тұрақтылыққа ықпал ететін қауіптердің бірі деп есептейді.
Америкалықтардың президентіне қарсылығы. Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін штаттарда оның саясатына қарсы жаппай наразылық шаралары өтеді. Тәртіпті қалпына келтіру үшін президент бірнеше ірі қалаларда коменданттық режим енгізуге мәжбүр болады. Ел іші екі лагерьге бөлініп, Калифорния оппозиция орталығына айналады. Ал олардың лидері кәсіпкер Илон Маск болады дейді агенттік.
Ресейдің позициясының нығаюы. Дональд Трамптың оқшаулану саясатынан кейін Германия канцлері Ангела Меркельдің алдында таңдау тұрады. Не Ресеймен келісімге келу, не әскер жинау. Bloomberg болжамы бойынша, Меркель бірінші нұсқаны таңдауы керек. Арадағы шиеленісті басып, ресейлік хакерлерді қайтару үшін Ресейдің Украина, Белоруссия және Сириядағы саясатқа қатысты талаптарын қабылдауға мәжбүр болады. Мәскеудің халықаралық аренадағы статусы қалпына келіп, рубль нығаяды. Владимир Путин өз миссиясының орындалғанын сезініп, билікті мұрагеріне тапсыру туралы ойлай бастайды.
АҚШ пен Қытайдың экономикалық соғысы. Трамптың саясатына қарсылық ретінде Пекин юань девальвациясын жүргізіп, "Боингке" берген тапсырысты кері шегеріп, айфондардың сатылымына шектеу салады. Бірақ Қытайдың өзі үлкен тоқырауға ұшырайды. Трамппен кикілжің нәтижесінде америкалық нарықтан айырылып, 1997 жылы азиялық қор нарығындағы дағдарыс қайталануы мүмкін.
Әлем АҚШ-тың қорғауынсыз қалады. АҚШ президенті Дональд Трамптың дипломатиялық тәжірибесінің болмауы және халықаралық күн тәртібін түсінбеуі әлемдегі үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін. Мысалы, оның басшылығындағы АҚШ қуатты күші бар держава статусынан айырылып, халықаралық тәртіпті реттеудегі ролін Ресей мен Қытайға береді. Бұл жағдайда террористер күштерін нығайтып, Жапония мен Сауд Арабиясы ядролық бағдарламалармен айналысуы мүмкін. Ал Солтүстік Корея Америка аумағына дейін жететін ядролық қаруы бар екенін дәлелдейді.
Киберсоғыстар. АҚШ-тағы негізгі инфрақұрылым обьектілеріне, әсіресе, электростанцияларға хакерлік шабуылдар жасалады. Киберқылмыскерлер медициналық құрал-жабдықтар мен өздігінен басқарылатын автомобильдерді нысанасына алады. Олардың артында Ресей немесе Қытай тұрады.
Кариб дағдарысы-2. АҚШ президенттігі лауазымында Дональд Трамп Барак Обаманың Кубамен жақындасу деген саясатын кері шегереді. Нәтижесінде социалистік мемлекет Ресей және Қытаймен байланысын қайтадан нығайтып, Мәскеуге Гаванада әскери базасын ашуға рұқсат береді. Осыған байланысты АҚШ пен Ресейдің ара-қатынасы одан сайын ушығып, 1962 жылғы Кариб дағдарысы тағы қайталануы мүмкін.
Мексиканың құлдырауы. Трамп Мексикамен қарым-қатынасын нығайту деген уәдесін орындап, еліндегі заңсыз жүрген мигранттарды депортациялай бастайды. Мексика экономикасы құлдырап, билік АҚШ-қа қарсы популистердің қолына өтеді. Елдегі есірткі бизнесі бұрынғысынан да гүлдей бастайды.
Иран мен Сауд Арабиясының соғысы. Сауд Арабиясының экономиканы әртараптандыру деген саясаты ешқандай нәтиже бермей, корольдікте сарай төңкерісі болады. Таяу Шығыстағы негізгі күш Сауд Арабиясының бұрынғы қарсыласы Иранның жағына қарай ауысады. Тоқтау салатын АҚШ болмаған соң ірі мұнай өндірушіл елдер Сауд Арабия мен Иран арасында соғыс болып, қара алтын нарығында дағдарыс орын алады.