Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы ауыл шаруашылығына 154 млрд теңге инвестиция салынды

2017 жылы ауыл шаруашылығына 154 млрд теңге инвестиция салынды
Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығына салынған инвестицияның көлемі 154,1 млрд теңгеге жеткен деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.  Бұл көрсеткіш 2016 жылы құйылған инвестициямен салыстырғанда 6,9 пайызға көп. Астана экономикалық форумында шетелдік компаниялармен жаңа меморандумдарға қол қойылды. Италияның «Cremonini Group» компаниясы қазіргі заманғы «KAZAKH-BEEF» зауытының құрылысын бастады. Ет комбинатының күнделікті қуаттылығы 700 бас малды союға арналып, етті өңдеу, дайын ет өнімдерін өндіру және мүйіз, тұяқ, терісін қайта өңдеудің толық технологиялық циклын жүзеге асыратын болады. Жобаның жалпы құны 15 млрд теңгеге жуық. Аталған жобаны іске асыру мақсатында Алматы облысы әкімдігімен жалпы көлемі 60 гектарды құрайтын жер телімін берілді. Осы өңірде зауыт құрылысының салынуы қолайлы климаттық жағдайлардың негізінде, сондай-ақ ірі қара мал етінің өнімділік бағытына байланысты таңдап алынды (барлық етті бағыттағы ІҚМ басының 16% құрайды). Бордақылау алаңының малды сойғанға дейінгі көлемі бір уақытта 10 мың бас мал болса, ет комбинатының қуаты: жылына 25 мың тонна сиыр еті. Аталған кәсіпорын өнімдерінің 70% ҚХР мен Ресей сияқты ірі елдердің нарығына шығарылады. Қазіргі уақытта облыстың шаруа қожалықтары мен бордақылау алаңдары ет комбинаттарын қажетті өніммен қамтамасыз етуге дайын. Қолайлы инвестициялық климатты құру еліміздің аграрлық секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етті. 2017 жылы мал шаруашылығы саласына салынған инвестициялардың көлемі 154,1 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 6,9% артық.

Похожие материалы