Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы Қазақстанда жаңа салық кодексі енгізіледі

2017 жылы Қазақстанда жаңа салық кодексі енгізіледі

Астана. 23 ақпан. 7kun.kzҚазақстан ұлттық экономикасы министрлігі 2017 жылы жаңа салық кодексін енгізеді. Бұл туралы ведомство басшысы Тимур Сүлейменов хабарлады.

«Осы жылы президент жолдауы аясында жаңа салық кодексі жасалады. Алдымызда салық жүйесін қайта реформалау туралы үлкен міндет тұр. Біз салық жинау базасының негізін сақтай отырып кеңейтуіміз керек. Жолдауда тапсырылған мақсатқа жету үшін жалпы салық жүйесін қайта құрастыруымыз қажет», - деп атап өтті Тимур Сүлейменов экономика министрлігінің кеңейтілген отырысында.

Оның сөзінше, жаңа кодексте ҚҚС алу механизмі жүзеге асады. Одан бөлек, салықтық әкімшілік оңтайланып, тұтынушылар жүйесі жақсарды. «Бізге базалық салаларға қызығушылықты арттыру міндетті. Салық салу жүйесі осы бағытта да жетілдіріледі. Барлық нәтижесіз салық жеңілдіктері алынып тасталынады», - деді министр.

2017 жылы ЕАЭО құжаттарына сәйкес жаңа кедендік кодекс те жасалады. Ведомство басшысының сөзінше, ЕАЭО кодексінің кедендік нормалары қабылданып, кедендік процесстерді оңтайландыратын қосымша ережелер қосылады.

Похожие материалы