Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы Жамбыл облысының ауыл шаруашылығын дамытуға 16 млрд теңге бөлінген

2017 жылы Жамбыл облысының ауыл шаруашылығын дамытуға 16 млрд теңге бөлінген
Алматы. 18 қараша. 7kun.kz - Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысының аграршыларымен болған кездесу кезінде ауыл шаруашылықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады деп хабарлайды primeminister.kz.  Облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға 2017 жылы 16 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев өңірде АӨК дамыту туралы баяндамасында мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері өңірдің АӨК саласына 14 млрд теңге инвестиция тартылған. Облыста 181 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған, үш мыңнан астам адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов 10 айдың қорытындысы бойынша АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы баяндады. Жалпы, республика бойынша ауыл шаруашылығы саласында оң қарқын байқалады — өсім 2,1%-ды құрайды. 2017 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары сұранысқа ие дақылдардың алқабын 1 млн 348 мың га-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осылайша бастырылған дәнді-дақылдар көлемі 2,7%-ға өсіп, 22,1 млн тоннаны құрады. Қазақстанда 56 мыңнан астам өзіндік қосалқы және ұсақ шаруашылықтарды қамту арқылы 745 кооператив (жоспарда — 326) құрылған. 44 мыңнан астам тонна сүт және 13 мың тонна ет дайындалған, бұл биылдыққа кәсіпорындардың сүт өңдеу бойынша жүктемесін 60-тан 65%-ға дейін, етті 55-тен 60%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2018 жылы Жамбыл облысында 1070 жаңа пәтер пайдалануға беріледі.

Похожие материалы