Алматы. 13 қараша. 7kun.kz - 2017 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелер саны 200 165 құрады. Үй сатып алу-сатуда бірінші орында - Астана қаласы, ең соңғы орында - Қызылорда облысы тұр. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Қазанда тұрғын үй сатып алу-сату туралы 22857 мәміле тіркелді. Бұл өткен аймен салыстырғанда 5 пайызға артқан.
Қазандағы тұрғын үй сатып алу-сату бойынша бірінші орында Астана қаласы – 3327 мәміле. Оның 3189 – көп қабатты үйлердің пәтері болса, 138 – жеке үй. Екінші орында Алматы қаласы – 2947 мәміле. Оның 2565 - көп қабатты үйлердің пәтері болса, 382 – жеке үйлерге жасалған мәміле. Үшінші орында Қарағанды облысы - 2361 мәміле. Оның 1932 – көп қабатты үй пәтері болса, 429 – жеке үй туралы мәміле.
Өткен жылмен салыстырғанда Астана қаласындағы тұрғын үйлерді сатып алу-сатушылар саны – 41,6 пайызға, Алматы қаласында – 22 пайызға, Қарағанды облысында – 31,3 пайызға артқан.
Қазан айында Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткен аймен салыстырғанда үй сатып алу-сатушылар саны азайды.
Солтүстік Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сатушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 47,1 пайызға артты.
Қазан айында тұрғын жаңа тұрғын үй бағалары арзандады.
Мейірім Бақытжанова
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024