Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы Ұлттық Банк бірнеше міндетті шешті - Ақышев

2017 жылы Ұлттық Банк бірнеше міндетті шешті - Ақышев

Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - Ұлттық Банк 2017 жылы еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін жүргізуді жалғастырды. Теңге бағамы Ұлттық Банктің аз араласуы кезінде іргелі факторлардың әсерімен валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың негізінде қалыптасты, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

Бір жыл бойы ішкі және сыртқы факторлар серпіні түрлі бағытта болды, айырбастау бағамының күнделікті ауытқулары айырбастау бағамын тепе-тең ұстап тұруға және теңгерімсіздіктерді жинақтамауға мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚРҰБ Төрағасы Д. Ақышев «Капитал» іскерлік порталына сұхбат берген кезде айтып берді.

Ұлттық Банк басшысы теңгедегі депозиттердің тартымдылығын сақтау долларсыздану процесіне ықпал еткенін және банктердің ұлттық валютамен қорландыруын ұлғайтуға жәрдемдескенін атап өтті: «Егер долларлану деңгейі 2016 жылғы қаңтарда өзінің 70%-ға тең ең жоғары мәніне жетсе, ағымдағы жылы депозит нарығында біз валютадағы және теңгедегі депозиттер арасындағы тепе-теңдікті байқап отырмыз – долларлану деңгейі 48-50% деңгейінде».

Д. Ақышев Ұлттық Банкке банктердің кредиттеуді қалпына келтіруі үшін жағдайлар жасай алғанын атап өтті. «Жыл басынан бері экономиканы кредиттеу 3,2%-ға ұлғайып, 2017 жылғы қазанның соңында 13,1 трлн. теңге болды. Кредиттеуді жандандыру ақша-кредит саясатын жұмсарту нәтижесінде іскерлік белсенділікті арттыру және тұтынушылық сұранысты ұлғайту аясында орын алып отыр. Жыл басынан бері базалық мөлшерлеме 12%-дан 10,25%-ға дейін кезең-кезеңімен төмендетілді, ал базалық мөлшерлеменің төмендеуімен кредиттік ресурстардың құны да азаюда, олар барынша қол жетімді болуда», - деп атап өтті қаржы реттеушісінің басшысы өз сұхбатында.

Похожие материалы