Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz - ОПЕК пен оған мүше емес елдердің келісімінен кейін мұнай баррелі 70 долларға дейін қымбаттауы мүмкін. Мұндай болжамды Citigroup банкі жасап отыр.
Әлемдік мұнай өндірушілер қол жеткізген келісім аясында 2017 жылдың 1 тосанында-ақ мұнай қоры қысқаруы мүмкін. Банк сарапшысы Эд Морстың сөзінше, бұл нарықта артық өндіріліп жатқан бензин көлемінің де үш есеге қысқаруына алып келеді. «2017 жылдың соңындаBrent маркалы мұнайдың бағасы 65 доллар шамасында болады деген болжамым бар. 70 долларға көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармаймын", - деді ол Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында. Дегенмен сарапшының айтуынша, ОПЕК пен мұнай өндіруші басқа елдер өндірісті қысқарту туралы уәдесінде тұра қояды дегенге сену қиын. Айта кетейік, Лондон қор биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан айына арналған фьючерстік бағасы 55,74 долларға дейін қымбаттады. Ал WTI маркасының фьючерстік бағасы Нью-Йорктағы электронды саудада барреліне 53,69 доллаға дейін көтерілді.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024