Қазақстан үкіметі Астанада 2018 жылға арналған республикалық бюджет есебін таныстырды. Шенеуніктердің сөзінше, мемлекеттік қазына шығыны 2016 жылы 7,318 трлн теңге, ал 2017 жылы 7,731 трлн теңгеге жетпек.
ЖІӨ-нің жалпы көрсеткіші 2016 жылы — 2,1%, 2017-де — 3,6%, 2018 — 2,9%, 2019 жылы — 3,0%, ал 2020 жылы — 3,1% болады
Инфляция деңгейін 2016-2017 жылы 6,0-8,0%-ға, 2018 жылы — 5,0-7,0%-ға, 2019 — 4,0-6,0%-ға, 2020 жылы — 3,0-4,0%-ға көтеру жоспарланған. 2016-2020 жылдары ЖІӨ-нің нақты көрсеткіші 7,4-9,8%-ды құрамақ. Сондай-ақ, экспортты 2016-2020 жылдары 41 млрд доллардан 55,1 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр. Ал импорт 2016-2020 жылы 28 млрд доллардан 30,5 млрд долларға дейін көбейтілмек. ЖІӨ мен импорт кірісі республика бюджетінде (трансфертті есепке алмағанда) 2016 жылы 3,513 трлн теңге, 2017 жылы 3,724 трлн теңге, 2018 жылы 4,131 трлн теңге болуы мүмкін. Республика бюджетінің шығыны 2016 жылы 7,318 трлн теңге, 2017 жылы 7,731 трлн теңге және 2018 жылы 7,457 трлн теңге болады. Ал ұлттық қордағы 3 жылға арналған трансферт - 2300 млрд теңге. Бұл талапқа сай қолдану аясын қысқартқандағы көрсеткіш. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ұлттық қордан 2016 жылы 461,5 млрд теңге, 2017 жылы - 750 млрд теңге жұмсалады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап: - мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақыларын жаңа үлгі бойынша төлеу және қосымша салықтарын есептегенде 305,5 млрд теңге; - мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мүгедектерге арналған көмек қорын және асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысын 25%-ға көтеруге 48,7 млрд теңге; - басым күшке ие қызметкерлерді зейнетақымен қамтамасыз етуді енгізуге (бірыңғай зейнетақы жүйесін енгізу) 12,7 млрд теңге; - шәкіртақы көлемін 25%-ға көтеруге 16,2 млрд теңге бөлінді. 2017-2018 жылдарға арналған шығын көлемі: - мемлекет бюджетінен қаржыланатын түрлі ұйымдардың сұраныстары; - әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорын бөлу үшін - 2017 жылы 45 млрд теңге, 2018 жылы 72,4 млрд теңге; - қосымша міндетті зейнетақы жарнасын төлеу 5% - 2018 жылы 84,2 млрд теңге; - базалық зейнетақыны көтеру, мүгедектерге арналған төлем, асыраушысынан айырылғандарға арналған жәрдемақы және жас ерекшелігіне байланысты күнкөріс мүмкіндігін жетілдіру әдісі бойынша төленетін базалық зейнетақылар -166,4 млрд теңге. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикалық бюджеттің тапшылығы 2016 жылы ЖІӨ-нің 1,6%-ға, 2018 жылы 1%-ға төмендеуімен байланысты: - 2016 жылы ЖІӨ - 723,4 млрд теңге немесе 1,6%; - 2017 жылы ЖІӨ - 600,8 млрд теңге немесе 1,2%; - 2018 жылы ЖІӨ– 552,3 млрд теңге немесе 1%. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың болжамы бойынша, мемлекет бюджетінің кірісі 2016 жылы 3 трлн 513,2 млрд теңгеге жетеді. Ал, шығын көлемі биылғы жылы 74,4 млрд теңге болғандықтан, 2016 жылы 7 трлн 318,9 млрд теңгені құрауы мүмкін. 2017 жылы – 5,6%-ға өседі. 2018 жылы – 3,5%-ға немесе арнаулы трансферттің ұлттық қорда болмауына байланысты 274,1 млрд теңгеге төмендейді. Бұдан бөлек министр соңғы үш жылда EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу үшін мемлекет қазынасынан 306 млрд теңге бөлінгенін, 2016 жылы 173,5 млрд теңге болатынын айта кетті. Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов 2016-2020 жылы әлеуметтік-экономикалық даму бірнеше орындарда қолға алынатынын жеткізді. Алдымен бұл мәселе әлемдің тауар нарығымен, әлемдік экономика ұйымдарының экспорттық тауарлар бағаларының өсуімен тікелей байланысты. Вице-министрдің сөзінше, Қытай экономикасының дамуы 6,8-6,3%-ға, Ресей экономикасы 2015 жылға қарағанда 2016 жылы 3,4%-ға төмендейді. Бұл Қазақстандағы экспорттық тауарларға сұранысты азайтады. Сондай-ақ, аталған мәселенің шешілуі тікелей қаржылай-несиелік саясатқа, инфиляциялық шектеуге, теңге курсының еркін айналымға түсуімен байланысты. «Бюджет параметрлері мен макрокөрсеткіштерді есептеу кезінде доллар бағамымен теңге курсы 250 теңге деп алынды. Орташа жылдық есеп бойынша 2016-2020 жылы экономиканың дамуы 3%-ға көтеріледі. Ал, ЖІӨ-нің белгіленген бағамы 2016-2020 44 трлн теңгеден 61,5 трлн теңгеге жетеді. Теңгеге шаққанда ЖІӨ 2016 жылы 9,9 мың долларға төмендеп, 2020 жылы 13,2 мың долларға көтеріледі», - деді министр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі орташа жылдық есеппен 2016-2020 жылы 2,8%, сауда қызметі 4,5% болады. Экспорттық тауарлардың бағасы 2016 жылы 14,8%-ға төмендейді. Келесі жылы мұнай экспортының өсуін есептегенде 4,4%-дан 7%-ға көтеріледі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024