Астана. 6 қазан. 7kun.kz – 2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 10,1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй (99 мың пәтер) пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Ең көп көлемде пайдалануға берілген тұрғын үй Астана, Алматы қалаларында және Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр. Республика бойынша 60 690 баспана пайлануға берілген. Оның ішінде 18 331 жеке үй, көпқабатты үйлерде 42 359 пәтер. 2017 жылдың соңына дейін 140,6 мың шаршы метр (2431 пәтер), 2018 жылы 70,6 мың шаршы метр тұрғын үйді (1225 пәтер) пайдалануға беру жоспарланып отыр.
«2017 жылы 8 айда барлық қаржыландыру көздерінен жалпы алаңы 6,9 млн шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4 пайызға жоғары көрсеткіш. Мемлекеттік инвестиция есебінен 10366 пәтер тапсырылды», - деді комитет төрағасы.
Тағы бір айта кететін жайт, қазіргі таңда екінші деңгейлі 5 банк бағдарламаны белсенді іске асыруға кірісті. Олар: «Сбербанк», «АТФ Банк», «БЦК», «Bank RBK», «ҚТҚЖБ», «Банк ВТБ» банктері.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024