Алматы. 18 желтоқсан. 7kun.kz - 2017 жылы қаңтар-қазан аралығында шетелден Қазақстанға 249,9 млрд теңге аударылған деп хабарлайды Ranking.kz.
2017 жылы аударылған ақша көлемі өткен жылмен салыстырғанда 43,0 млрд теңгеге, яғни, 20,8 пайызға көп. 2016 жылы Қазақстанға шетелден 206 млрд теңге көлемінде қаржы жөнелткен еді.
Ресейден 144,9 млрд теңге ақша аударылса, Корея Республикасынан 18,8 млрд теңге, Қырғызстаннан 15,9 млрд теңге Қазақстанға жіберілген.
Ақша аудару жүйелерінің ішінде Золотая Корона бірінші орында тұр. Бұл жүйе арқылы 2017 жылы Қазақстанға 130,8 млрд теңге аударылған. Одан кейін Western Union (48,6 млрд теңге) және Юнистрим (19,6 млрд теңге) жайғасқан.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024