Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы Tele2 мен Altel кірісті 16 пайызға арттырды

2017 жылы Tele2 мен Altel кірісті 16 пайызға арттырды

Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz – 2017 жылы Tele2 және Altel абоненттерінің кірісі 16 пайызға артып, 81 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Алматыдағы баспасөз мәслихатында бірлескен кәсіпорын басқармасының төрағасы Роман Володин мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Оның айтуынша, компания абоненттер санын 475 мыңға көбейтіп, 6,9 млн абонентке жеткізді.

Бұл көрсеткіш 2017 жылдың тамыз айында компания, инфрақұрылымдар және желілердің бірігуі арқасында болды.

2017 жылдың аяғында желіні техникалық жаңғырту және интернетке жоғары жылдамдықпен қосылуды қамтамасыз ету бойынша күш-жігерді шоғырландыру деректерді беру көлемін 48 пайызға арттырды», - деді Володин.

Бірлескен кәсіпорынның бас қаржы директоры Алимжан Алмамбетов абоненттердің кірістерінің өсуін растап, бұл интернет-трафиктің де өсуі екенін түсіндірді. Алмамбетов, сондай-ақ, EBITDA 2016 жылмен салыстырғанда 174 пайызға артып, 24,76 млрд теңгені құрағанын айтты.

Оның айтуынша, бұның барлығы Tele2 мен Altel өнімділіктің өсуі бойынша жетекші компанияға айналғандығын көрсетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы