Алматы. 28 маусым. 7kun.kz - Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2018 жылғы қаңтар-мамырда 481,2 млрд теңгеге (6,2%) ұлғайып, 2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 8 261,9 млрд теңгені құрады.
2018 жылғы 1 маусымда 3 011,3 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан «таза» кіріс 2018 жылғы қаңтар-мамырда 236,4 млрд теңгеге ұлғайды.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2018 жылғы 1 маусымда 9,7 млн шотты құрады.
Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2018 жылғы қаңтар-мамырда 91,9 млрд теңгені құрады.
БЖЗҚ-тың жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін 2018 жылғы 1 маусымда бұрынғыдай, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 46,0%-ын және 26,3%-ын) құрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024