Астана. 23 желтоқсан. 7kun.kz - 2018 жылдан бастап Қазақстан азаматтары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды алады. Бұл туралы премьер-министр орынбасарының баспасөз қызметі хабарлады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша республиканың барлық тұрғындары, баладан бастап зейнеткерге дейін, жұмыс істейтіндер немесе істемейтіндер кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қажетті барлық дәрігерлік көмекті алады. Жүйені енгізу кезеңдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес болады: - 2017 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушылардың, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалардың аударымдары мен жарналары қорға төлене бастайды; - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін жарналарды төлеуді бастайды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін Қордан ақы төленеді. Осылайша, ҚР азаматтары мен оралмандарды МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығына 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ие болады. Экономикалық белсенділігі төмен тұрғындар үшін жарнаны мемлекет төлесе, жалдамалы жұмыскерлер үшін олардың жұмыс берушілері төлейді. Салық төлеу органдарында тіркелген жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарна төлеуді өздері қамтамасыз етеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024