Алматы. 2 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетке шыққандар өз шоттарындағы ақшаны ай сайын алып отырады. Бұл туралы almaty.tv хабарлады.
Қазіргі таңда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы төлемдер салымшының қалауына қарай түзілген кесте бойынша жүргізіледі.
«БЖЗҚ» АҚ филиалы директорының орынбасары Ақмарал Сәденованың сөзінше, адам зейнетке шыққанда кез-келген салымшы ретінде мемлекеттік бюджет есебінен ақша алып отырады. Оған қоса, базалық төлем төленеді. Оның көлемі қазір 14 мың 466 теңге.
Мәселен, заңды демалысқа шығатын адамда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 миллион теңге жинақталса, бір жолғы төлемнің көлемі 900 мың теңгені құрайды. Келесі жылдан бастап, бұл төлемдер бірден берілмейді. Ол қаржы бірнеше айға бөлініп тасталады.
«Зейнетақы қорындағы жиынтық төлемдерінің шекті көлемі зейнетақының ең төменгі мөлшері, яғни 30-ға көбейтіндісіне тең. Тиісінше, ол қаржы сізге салымшы ретінде бір жылда төленеді. Келесі жылы ол коэффициентке көбейтіліп 12 айға бөлінеді»,- деді «БЖЗҚ» АҚ филиалының директоры, Нұрлан Әміренов.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024