Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Euromonitor аналитикалық компаниясының сарапшылары 2018 жылы әлем туристері ең баратын қалаларды атады. Рейтингтің бірінші сатысына Гонконг орналасты.
Компанияның зерттеуі 600 қаланы қамтыды, оның 100-і қорытынды рейтингке енгізілді. Сарапшылар қалада кем дегенде бір тәулік өткізген шетелдік туристерді санады. Статистикаға елде бір жылдан астам уақыт жүрген жергілікті туристер, жұмысшылар мен студенттер кірген жоқ.
Қалалар рейтингісінің алдыңғы қатарында Гонконг (29,8 млн келу), Бангкок (23,7 млн) және Лондон (20,7 млн) келе жатыр. Макао (18,9 млн.) және Сингапур (18,6 млн.) қалалары да үздіктер қатарында.
Топ-10 құрамына Париж, Дубай, Нью-Йорк, Малайзияның астанасы Куала-Лумпур және Қытай Шэньчжэнь қаласы кірді.
Осылайша, ТОП- 10 ең танымал қалалардың алтауы Азияда болды. Еуропалық қалалар арасында ең көп келушілер Стамбул, Рим, Анталья, Прага, Амстердам, Барселона, Милан және Вена қалаларында тіркелді. АҚШ-тың ең танымал қалалары Майами, Лос-Анджелес, Лас-Вегас, Орландо және Сан-Франциско деп танылды.
Айта кетейік, Қазақстан қалалары бұл тізімге енбеген.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024