Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың қорытындысы бойынша 20,68 млрд теңгеге 3,315 автокөлік сатып алынды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (1 223 бірлік) 27% төмен, - деп хабарлайды «ҚазАвтоӨндіріс» баспасөз қызметі.
Мемлекеттік сатып алудың ең көп үлесі (97%, немесе 3 216 бірлік) қазақстандық өндірістің автокөліктеріне және қалған 3% – импорттық техникаға (99 бірлік) тиесілі болды. Республикалық бюджеттің шетелдік автокөліктерді сатып алу шығындары 2017 жылғы 4,9 млрд теңгеден есепті кезеңде 860 млн теңгеге дейін қысқарды.
Өткен жылы мемлекет қабылдаған шаралар көптеген мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың сатып алу саясатын қайта қарауға ықпал етті. Нәтижесінде сатып алынатын техниканың жалпы көлеміндегі импорттық автокөліктердің үлесі 2017 жылғы 10%-тен өткен жылдың қорытындысы бойынша 3%-ке дейін төмендеді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар арасында ең танымал автокөліктердің рейтингісін отандық өндіріс модельдері бастап тұр.
Көшбасшылықты LADA 4x4 642 бірлік нәтижесімен және 19,4% үлесімен ұстап тұр. Бұдан әрі LADAVesta (208 бірлік; 6,3%), Skoda Octavia (186 бірлік; 5,6%), Chevrolet Niva (155 бірлік; 4,7%), Skoda Superb (152 бірлік; 4,6%), JAC S5 (140 бірлік; 4,2%), KIA Cerato (138 бірлік; 4,2%), KIA Sorento (132 бірлік; 4,0%), УАЗ 396295 (110 бірлік, 3,3%), УАЗ 390995 (109 бірлік; 3,3%).
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024