Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz — 2018 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін 23 әкім сотталды. Өткен жылы мемлекеттік құрылым қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан болған шығын 21 миллиард теңгеден асты.
2017 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан болған шығын 30%-ға аз болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен құқық қорғау органдары әрекеттерінің арқасында бюджетке соманың 89%-ы ғана қайтарылды.
«Өткен жылы Қазақстанда 2,375 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Олардың жартысынан көбі - пара беру және билікті асыра пайдалану. Аяқталған қылмыстық істер бойынша шығын көлемі үштен бірге өсті – 15,8 млрд. теңгеден 21 млрд. теңгеге дейін, оның 18 млрд теңгесі қайтарылды. Кінәлілердің мүлкіне 42,5 млрд теңге көлемінде тыйым салынды», - деді Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев.
Құқық бұзушылықтардың ең көп саны мынадай бағыттарда орын алды: «2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы», «Өңірлерді дамыту - 2020», «2019 жылға дейін білім беруді дамыту бағдарламасы», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Денсаулык».
«Бір жыл ішінде соттар мемлекеттік мекемелердің 1 079 қызметкерін соттады. Оның ішінде 285 ішкі істер органдарының қызметкері, 73 мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері, 34 адам ТЖ комитетінен, 222 әкімдік және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, 23 әкім. 290 жемқор нақты түрме жазасын алды», - деді Қайрат Сапарғалиев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024