Алматы. 24қаңтар. 7kun.kz – «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры (КҚ) желісі бойынша 343 мың қазақстандық 2018 жылы шетелде демалып қайтты. «Туристік Қамқор» құрылған сәттен бастап жалпы алғанда 616 мың туркод берілді, - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Көбіне өткен туристік маусымда қазақстандықтар демалуға Түркияға барды: 148 мың адам. Екінші орында Египет – 104 мың адам. Үшінші орында – Біріккен Араб Әмірлігі (33,5 мың қазақстандық). Төртінші сатыны Қытай мен Таиланд өзара бөлісіп отыр (18 мың туристен). Бесінші орында – Вьетнам (4,5 мың), алтыншы орында – Үндістан (2,7 мың), сосын Чехия (2,4 мың), сегізінші орында - Доминикана (2,1 мың), тоғызыншы орында – Греция (2 мың) және ондықты Грузия жапты (1,4 мың адам).
Бүгінгі күні «Туристік Қамқор» тізімінде 56 туроператор бар, олармен fondkamkor.kz сайтында танысуға болады. Бұл ретте, жалпы Қазақстанда шығу туризм саласында нақты туроператорлық қызметті жүзеге асыратын шамамен 140 компания жұмыс істейді. Қалған 80 компания өз қызметін демалыс уақытында қазақстандықтардың шетелдегі қауіпсіздігін тәуекелге итермелеп, заңсыз жүзеге асырады деген сөз.
Туристік код дегеніміз - 11-13 (шығу еліне байланысты) әріп-цифрлық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл шифр әр турист үшін бірегей болып табылады. Төтенше жағдай туындаған кезде турист Қормен байланысқа шығады, өзінің туркодының нөмірін айтады және 24 сағат ішінде жедел көмектің көрсетілуін күтеді.